Бұл бетте «Менің философиям» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үндемей, төмен үңілсем,
Kөзiмдi жұмсам, ашсам да,
Таппайсың, көңіл,
тыным сен,
Сен жайлы толғау жазсам ба...
Қызықсың көңілім кейде сен,
Қол жетер биік емессің, —
Шалқуың даяр күй десем,
Арманнан арғы елессің.
Дәмем бар алыс қиялдан,
Болса да биік ол аса, —
Күтіп тұр ғажап күй алдан,
Жетерге бойым аласа.
Ұқтың ба, достым, ойымды?..
Мақтанып болғам жоқ әлі
Сыйлаймын шағын бойымды
Ұмтылу үшін жоғары.
Сағат пен жылды сүйіп тең,
Берілем арман, елеске! —
Аласа терек — биіктен
Алысқа маяк емес пе?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі