Құдайы қонақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құдайы қонақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 825
Қарамай-ақ сергелдең, сейіліне,
Үңілмей-ақ оның іш пейіліне.
«Үйден ұзап шыққан соң мүсәпір» деп.
Жолаушыны бөлейді мейірімге.
Танымасын мейлі оны бәрі бір бәс,
Төр ұсынып, алдына қояды ас.
Жоғы болса, түгендеп қадарынша,
Берер, бірақ бір тиын ақы алмас.
Мұндайларды «құдайы қонақ» дейді.
Өз несібі қонақтың болады дейді.
«Бір күн дәмдес болғанға, қырық күн сәлем»
Соныменен орыны толады дейді.
Көңілінде болмайтын теңгедей бұлт,
Міне, біздің қазекең осындай жұрт.
Тағы бірі салтының – мықты ұстаған
Қора-қопсы бекітіп, салмайды кілт.
Күн көреді күресін шоқып қарға,
«Жер – тебіңгі, әуе – айна» пейілі тарға..,
Бұл қазақ деп тани бер кезіксеңіз,
Мол дастарқан, кең пейіл тірлік барға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдайы қонақ өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құдайы қонақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдайы қонақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдайы қонақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері