Дауыл бол, ұйтқы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дауыл бол, ұйтқы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Дауыл бол, ұйтқы,
Нөсер бол, құйыл,
Сел болып жүйткі
тіліңмен
Бұлт болып жөңкіп,
Жасын боп құла,
Ығыспан қорқып
біріңнен.
Кел болып ажал
Алқымнан алар,
Найза боп қадал
жүректен.
Алармын күтіп,
Налыман әсте
Қабағым шытып
жүдеп мен.
Өзіңше таусың,
Төмпешік сорлы
Айлалы жаусың
аямас.
Жау ісі жанжал
Қапынды аңдыр
Қай күні қанжар
таямас.
Іздесең құн қол
Өз маңайында,
Сонардай оң-сол
жатқан із.
Ішіңнен күйіп,
Бересің сайқал
Өтірік ұйып
жатқа жүз.
Мұқалған қалам,
Дүмбілез ғалым
Өлімге адам
қиятын
Өз атын әңгі
Шақырған көкек
Жоғалтқан мәңгі
ұятын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл бол, ұйтқы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дауыл бол, ұйтқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл бол, ұйтқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл бол, ұйтқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері