Қосақталып жүреді ар мен намыс – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қосақталып жүреді ар мен намыс» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Қосақталып жүреді ар мен намыс,
Болмаған соң өзара аулы алыс.
Намыс жоқта ар жетім, ақ айран боп,
Ақтарылып жатары көпке таныс.
Намыс қуу дегенің бүгін сирек,
Көп тұстарда ерекше жатыр күйреп.
Ұлт намысын ұран ғып ұстар деген
Азаматта жігер құм, ақыл күйрек.
Бірдіні боп дем алып екі иықтан,
Әр мүскінің нән санап пілді жыққан.
Өзі де ұғып болмаған руының
Алыбысып бұлықсиды айға шыққан.
Арқасында нарықтың есе тиіп,
Қара шұға сөпөлөк мода киіп.
Ысқырығы жер жарған бес ешкілі
Мерседеске барады зорға сыйып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосақталып жүреді ар мен намыс өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қосақталып жүреді ар мен намыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қосақталып жүреді ар мен намыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қосақталып жүреді ар мен намыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері