Үйлену тойында

Бұл бетте «Үйлену тойында» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 582
Басылмай тұрып
Өмірге ыстық құмары,
Арыны күшті
Жастықтың бітпес жыр-әні...
Баршаға мәлім
Махаббат атты кеңістік,
Жаңа отау құрған
Жас жұбайлардың тұрағы.
Қақ жарып төсін
Көгілдір күмбез аспанның,
Ақ кептер ұшты
Жаршысы болып ақ таңның.
Жаңа өмір бастап
Тағы бір отау тігілді,
Буыны бекіп
Солқылдап өскен жас талдың.
Жанарларына
Ізгілік нұры жиылған,
Сыйынар болса
Тек, махаббатқа сыйынған,
Ақ тілекпенен табысты бүгін
Қос жүрек,
Қос өзен-сынды
Бір айдынға кеп құйылған.
Бүгінгі күнді
Жырлаудан қалай шаршармын?!
Келеді менің
Әлемге бүкіл жар салғым!
Шешіліп бүгін
Сөйлесін шешен қызыл тіл,
Жас жұбайларға
Тілегін айтып баршаңның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйлену тойында өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Үйлену тойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үйлену тойында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үйлену тойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері