Кездескенде

Бұл бетте «Кездескенде» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 934
Жанарымнан
Ғажайып сыр ұқтырып,
Өрт сезімге
Өртене күйіп тұрып,
Кездескенде
Айта алмай бір жылы сөз,
Сені өзімнен бездірем,
Сүйіп тұрып...
Махаббатқа басымды иіп, көніп
Сағыныштан
Жүрсем де күйік көріп,
Кездескенде
Мен саған қырсығамын,
Қысыр сөздің барлығын үйіп-төгіп.
Көтере алмай сен оны
Шамданасың,
Аңқаусың-ау
Ештеңе аңдамасым!
Сезбеймісің,
Көңілім астан-кестең,
Сыздатасың несіне жан-жарасын?!
Әлде өзіңді құрбан қып,
Жылап ішің,
Жүрегіңді намысқа жығамысың?
Мен қырсықсам
Құдай-ау,
Онда не тұр,
Еркелігім ол менің,
Ұғамысың?!
Уатылып жартасы,
Төзімдерім,
Быт-шыт бұл күн...
Сырт бүтін,
Көзімде мұң...
Кесел тауып
Ант атқыр мінезімнен,
Жеп жүргенім жегідей
Өзімді-өзім...
Түсініспей өтуде, есіл өмір,
Сырласатын
күн қайда шешіле бір?!
Намысқа ұрып қайтесің,
Айналайын,
Мықты болсаң
Сен бәрін кешіре біл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездескенде өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Кездескенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездескенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездескенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері