Аппақ гүлдер

Бұл бетте «Аппақ гүлдер» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1360
Далада қыс.
Аязды қатқақ күн де...
Ай нұрына шомылып
Аппақ түнде,
Аппақ қардың үстімен
Сен келесің,
Құшағыңды толтырып
Аппақ гүлге.
Сезімімнен ып-ыстық жыр өріле,
Аппақ арман ұялап жүрегіме,
Аппақ гүлге
Қолымды созып едім,
Жетердей боп аңсаған тілегіме...
Бірақ алда екен ғой
Бәрі азаптың,
Қаталдықпен аяусыз жазалап тым,
Құшағыңда ақ гүлдер...
Мені елемей
Әлдеқайда асығып бара жаттың!
Ауырмаған жүрегім, тегі, бұлай...
Аяп маған қарайды егіліп Ай.
Ақ гүлге еріп кеткендей
Бар бақытым...
Қайран, менің
Жер болған, көңілім-ай!
Менен көшіп
Барады ол қайда ғана,
Басқа аруға тұрақтап
Байлана ма?
Ақ бақытым
Ақ гүлмен бірге кеткен
Әлде, өзіме
Нәсіп боп айнала ма...
Гүлдерім-ай...
Бейкүнә ақ гүлдерім!
Адаспай жол
Қашан да таптың керім.
Енді неге бұрылып бағытыңнан,
Жүрегімді жылатып жаттың менің?
Өн бойымды барады
Күн де қарып,
Көңілім – мұз...
Тұрмын мен мүлдем налып!
Үлбіреген
Ақ гүлдер қолыңдағы
Бұйырады дәл қазір кімге барып?
Далада қыс.
Аязды қатқақ күн де...
Ай нұрына шомылып
Аппақ түнде,
Аппақ қардың үстімен
Кеттің ұза-а-п...
Құшағыңды толтырып
Аппақ гүлге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аппақ гүлдер өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Аппақ гүлдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аппақ гүлдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аппақ гүлдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері