Тойлайық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тойлайық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1803
Сен келгенде өмірге,
Бақ жанды деп ойладық.
Күй күмбірлеп көңілде,
Думандатып тойладық.
Сен толғанда бір жасқа,
Жатпадық көп ойланып,
Құрбы менен құрдасқа
Тағы да біз тойладық.
Сен жетіге толғанда,
Есейді деп ойладық.
Мектепке алғаш барғанда,
Тағы да біз тойладық.
Білім беріп мектебің,
Аттестат та аларсың.
Қырандайын көктегі
Қомдап қанат қағарсың.
Мақсат қуып сен әрі,
Институтқа да барарсың.
Көретінің көп әлі,
Сан сырларға қанарсың.
Саналы да білімді
Болуыңды ойлармыз.
Сенің туған күніңді
Сонда жұрт боп тойлармыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойлайық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тойлайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойлайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойлайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері