Құрылысшы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құрылысшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 14152
Елден алғыс алатын
Өскен кезде ер болам.
Сәнді үйлер салатын
Құрылысшы мен болам.
Үйлерімнің үнемі
Биіктейді еңсесі.
Мектебіміз – біреуі
Бірі – колхоз кеңсесі.
Жиі-жиі келетін
Жұртқа толы маңайы.
Бірі – ойын көретін
Мәдениет сарайы.
Үйлерім көп орасан,
Біреуінен бірі артық.
Тамашалай қарасаң,
Көз алмайсың құмартып.
Қалада да,
Далада
Сап түзесе сан үйлер,
Қуанады бар ана,
Қуанады сәбилер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрылысшы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құрылысшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрылысшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрылысшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері