Мейрімім
Бұл бетте «Мейрімім» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мейрімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге.
От боп жанғым келеді
Жылуы жоқ үйлерде.
Мейрімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге.
Шам боп жанғым келеді
Жарығы жоқ үйлерде.
Мейрімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге.
Сүйген үшін ризамын
Күюге де, күйреуге.
Жансыз қара тастаймын
Қалса көңілім сүйгенге.
Мұздай ызғар жатады
От жанатын кеудемде.
Жабылады жүрегім
Қалса көңлім сенгенге,
Санаймын да қоямын
Сенгенімді өлгенге.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі