Күн жылайды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Күн жылайды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 941
Күн жылайды,
Тұнжырайды қас-қабақ.
Кеще өмірім кешегімнен басқарақ:
Сөздің мəні – жалаң,
желең,
желбуаз,
Көздің бəрі алабажақ, ашқарақ!
Күн жылап тұр,
Тұнжырап тұр бар аймақ.
Мен мезімін,
Сенің халің қалай, бақ?
Əлдекімге кіжінемін əйлеңкес,
Алпыс екі тамырымда қан ойнап!
Күн жылайды,
Бұлжымайды бұл мəніс,
Тəн тақуа,
Жан-дүние былғаныш.
Ерінгеннің етегіне жармасып,
Көрінгеннің жетегінде жүр НАМЫС.
Күн жылап тұр,
Былжырап тұр бар маңай.
Өмірім-ай...
Өгіз жеккен арбадай.
Ұлы жұртта Айға ұлыған ҰЯТ-ай,
Бақыр ғұрлы бағасы жоқ АРМАН-ай!..
...Күн жылап тұр,
Тұнжырап тұр бар маңай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн жылайды өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күн жылайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн жылайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн жылайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері