Он бес күн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Он бес күн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 655
(Айгүлге əзiл)

Болғанмен қанша сөзi бал,
Сезiмсiз жанды «сараң» дер.
Он бес күнiңдi өзiң ал,
Он бес күнiңдi маған бер.
Арманы Күннiң бату ма,
Аспан-Жер болса мекенi?
Бiрлесiп дəмiн татуға
Он бес күн бiзге жетедi.
Ащы да кермек Шындықтың
Ағытсам сырын амалдап:
Күйбеңi бiтпес тiрлiктiң
Күндесi болу – саған жат.
Өмiрден ерте безiнбе,
Өзiмшiл жанға ем қонбас.
Келiстi, кербез кезiңде
Керiмсал желге кеудеңдi аш!
Ұясы барда басатын,
Оралар қайта қаз кеткен...
Ұйқыңды шəйдай ашатын
Алдыңда əлi жаз, көктем!
...Бiр iнге келiп, түбiнде,
Ерте ме, кеш пе енбес кiм?..
Жер басып бiрге жүруге
Жетедi бiзге Он бес күн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он бес күн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Он бес күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он бес күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он бес күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері