Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы...
Көңiлге мұң мекендеп, күз жайлады,
Елесiң /өзiң түгiл/ еске түссе,
Жүрегiм сыздайды əлi, сыздайды əлi...
Сен кеттiң алты қырдан асып əрмен,
Үптелдi Алатаудың басы қармен.
Буына сары алтынның салмағы жоқ
Айналып қалғаны ма басың əлден?
Түсiме бiрде енесiң, бiрде енбейсiң...
Жымиып күлгендейсiң, сыр бермейсiң,
Беймəлiм, маған жұмбақ бiр əлемнiң
Iшiнде жалғыз өзiң жүргендейсiң.
Түсiме бiрде енбейсiң, бiрде енесiң...
Өрiктей елден бұрын бүрленесiң.
Бейiштiң өзiң жүрген бейiлi қандай? –
Мен байғұс бiлмеймiн ғой кiрмегесiн...
Мезi ғып бiттi менi мына Тамұқ,
Күн сайын мойыныма күнə тағып.
Жарығым,
Бейiшiңнен шықшы берi,
Жүректi жылаталық, жұбаталық...
Сол жүрек емес пе едi «Əлдиiмiз»
Қай жақта əлди айтқан қалды үйiмiз?
Көзiмнен бал-бұл ұшқан қарағым-ай,
Ендiлiк не болмақшы хал-күйiмiз?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері