Штангашы

Бұл бетте «Штангашы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 884
Жүр көршiнiң баласы:
«Штангашы болам!» – деп,
Ешкiм жоқ-ау, шамасы,
Жаттығатын одан көп.
Жүрген күнде шынығып
Оның құрал-сайманы –
Рельстердiң сынығы,
Доңғалағы арбаның.
Атасының төстiгiн
«Бұл мен үшiн жеңiл!» – деп,
Көтередi бəс тiгiп,
Қатарынан он рет.
«Бұлшық еттi қара!» – деп,
Мытып-мытып көредi.
«Темiрдей ме, қалай?» – деп,
Кеудесiн ол кередi.
Мытып-мытып байқайды,
Барлық бала,
Көршiлер.
Құр бастарын шайқайды,
Iсiн көрiп ерсiлеу.
Өйткенi, əне, бiлегi
Анасының талса да,
Көмiр тасып жүредi,
Қора жақтан қаншама...
Өйткенi, əне, бiлегi
Қарындастың майысып,
Суды тасып жүредi
Қос шелекпен алысып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Штангашы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Штангашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Штангашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Штангашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері