Әкенің сабағы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Әкенің сабағы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Əкеге келiп баласы,
Көрсеттi қолы iскенiн.
– Папа, сен, мiне, қарашы,
Масалар менi тiстедi.
Əкесi күлiп түзеттi:
– Тiстедi деме –
Шақты де.
Шақпайды иттер –
Қапты де,
Қаппайды мысық –
Тырнайды...
Қайтедi жүйрiк атты де:
Атты жүгендейдi.
Атты ауыздықтайды.
Атты байлайды.
Атты кiсендейдi.
Атты шылбырлайды.
Атты қаңтарады.
Атты қамшылайды.
Атты қосақтайды.
Атты ойнақтатады.
Атты аунатады.
Атты күзейдi.
Атты жаратады.
Атты жетектейдi.
Атты жарыстырады.
Атты сүрiндiредi.
Атты ақсатады.
Атты жығады.
Атты мертiктiредi.
Атты қағады.
Атты ерттейдi.
Атты сатады.
Атты жемдейдi.
Атты қамайды.
Атты тасиды.
Атты мiнедi.
Атты ырғытады.
Атты шаптырады.
Атты тұсайды.
Атты аяңдатады.
Атты қарғытады.
Атты шомылдырады.
Атты суытады.
Атты қосады.
Атты жаяды.
Атты жегедi.
Атты сояды.
Атты жабулайды.
Атты арқандайды.
Атты желдiредi.
Атты шоқырақтатады.
Атты бағады.
Атты тағалайды.
Атты суғарады.
Атты айдайды.
Атты қуады.
Атты қайырады.
Атты ұстайды.
Атты семiртедi.
Атты арықтатады...
Тағысын-тағы, тағы бар.
Айтсақ көп-ақ əлi де,
Бiлуiң керек бəрiн де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкенің сабағы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Әкенің сабағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкенің сабағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкенің сабағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері