Су жаңа бәтеңке – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Су жаңа бәтеңке» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бəтеңкем жыртылды...
Əпердi жаңаны...
Сықырлақ бiр түрлi
Кигенде табаны.
Мектепке барарда,
Бəтеңкем сықырлап...
Бар бала... қарар ма,
Мен жаққа жыпырлап.
Зер салды талайы,
Таныс та,
Басқа да.
Тер басып барады
Өзiмдi,
Масқара!
Көз тiгер мəз емес,
Оңған да түрiм жоқ.
Жейде де таза емес...
Шалбардың қыры жоқ.
Шаш түскен көзiме
Шығып ем тарамай.
Ал, бəрi өзiме
Өтпейдi қарамай.
Ұры ұстап тұрғандай
Бəтеңкем оңбайды-ау...
Қасақана қылғандай
Сықырлап қоймайды-ау...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Су жаңа бәтеңке өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Су жаңа бәтеңке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Су жаңа бәтеңке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Су жаңа бәтеңке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері