Қыз бен балық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыз бен балық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1524
Қайраңда қап бір шабақ,
Құйрығымен құм сабап,
Жылжи алмай малтығып,
Жатыр еді алқынып.
Айнат көрші сол шақта,
Ағын суы мол жаққа
Алып барып тастады,
Шабақ жүзе бастады.
Аздан кейін әлденіп,
Шабақ қайта сәнденіп,
Шоршып-шоршып ойнады:
Әйбат қыз», – деп ойлады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері