Гүлдердің нәзік болып өсетіні – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Гүлдердің нәзік болып өсетіні» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1882
Гүлдердің нәзік болып өсетіні,
Мәпелеп аймалағандықтан.
Қылыштың қара тасты қақ жарып кесетіні,
Қайрағандықтан.
Болаттың иіліп, майысатыны,
Жасығандықтан.
Теңіз толқындарының сайысатыны,
Тасығандықтан.
Темірдің тым алыстан жарқырайтыны,
Алтын жалатқандықтан.
Тұлпарлардың кемеде арқырайтыны,
Жаратқандықтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері