Көк ала тай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Көк ала тай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1861
Көк ала тай, көтерші иегіңді,
Өлсең тауып қояйын сүйегіңді.
Жаным сүйген жан сәулем деп жүргенде
Қандай жеңгең айнытты жүрегіңді.

Қайырмасы:
Уа, жаным сүйген қалқам-ай,
Қалды құмар тарқамай.
Арманда өткен жан сәулем,
Іштегі сырды айта алмай.

Көк ала тай, көтерші тамағыңды,
Жабырқаған жазайын қабағымды.
Жаным бірге деп жүрген қалқа бала,
Кім ұйытып кетті екен қарағымды.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері