Саған, апа, сағынып хат жазайын – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Саған, апа, сағынып хат жазайын» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 4796
Саған, апа, сағынып хат жазайын,
Сағынышым сарғайған мақтадайын.
Сарғайған зат лап етіп жанып кетсе,
Шақпақ көңілім шағынып шаққан уайым.
Жүрегімді жылуы жібіткенде,
Уайымнан да жанамын, үміттен де.
Жанып жүріп бір күні өшіп қалсам,
Күлім ұшып кетер деп күдіктенбе!
Өшпейді, апа, оттарым жанып жүрген,
Жанбай жатып жалынға қарылдым мен.
Қалай жану қасиетін білгендіктен,
Сағындым мен, сағындым, сағындым мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері