Асығып жүр жайлауға

Бұл бетте «Асығып жүр жайлауға» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 891
Ең алғашқы иiрiм,
Ең алғашқы жауында
Ақбоз айғыр үйiрiн
Айдап келдi ауылға.
«Ал, алдынан шығыңдар», –
Деп тұр қария Байбақты.
Күзде кеткен құлындар
Терлiк салар тай бопты.
Жүгiрiстi жылқыға,
Бiрiн-бiрi жұрт ертiп.
Тұмса туған қулықтың
Екi емшегi тұр тертiп.
Шопан жiгiт асығыс,
Жұмысы жоқ басқамен.
Керегенiң көздерiн
Тартып жатыр таспамен.
Қаз, үйректi қоса атып,
Көл жағалап жүр атам.
Арқа-басын босатып,
Күлде жатыр бір атан.
Ішкен асың татыр ма,
Бұл ауылға келмей гөр.
Сүр жайып жүр шатырға
Сары қарын жеңгейлер.
Сары қымызды күткендер
Құмар бие байлауға.
Қыз-бозбала бiткендер
Асығып жүр жайлауға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асығып жүр жайлауға өлеңінің авторы кім?

Сайлаухан Нәкенов — осы өлеңнің авторы.

Асығып жүр жайлауға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асығып жүр жайлауға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайлаухан Нәкенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асығып жүр жайлауға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері