Даңқ аспаны – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Даңқ аспаны» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1020
Биiк қой аспан, биiк-ақ,
Сенбеймiн жетем деуге мен.
Қараймын көзбен сүйiп ап,
Арманға толы кеудемен.
Арманның қашып бәрiнен,
Астроном болып бір уақ,
Жұлдыздар жайлы әрiден
Ойлаймын жерде тұрып-ақ.
Жарық боп бәрi тумас па,
Саны ма, саны көп болар.
Шоқ болып шығып шу баста,
Лапылдап қалған от болар.
Барлығы төккен сәулесi
Кете ме күнге айналып?..
Тұрады түнде, ол несi,
Оңаша ғана ойланып.
Сөнбейдi олар нұр шашып,
Планета бiр-бiр қуатты.
Ұлылар бізге тым қашық,
Жұлдыздар солар сияқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері