Сарыарқаның сары гүлі – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Сарыарқаның сары гүлі» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1079
Сенсіз дала түрленбей,
Құлпырасың маусымда.
Сенің атың жүргендей
Аққулардың даусында.
Ынтығам мен сан көріп
Алаулаған кезіңе.
Пай-пай, мынау паң көрік
Қалай біткен өзіңе!?
Жел-жігіттің сәлемі –
Қоңыр самал желпіп тұр.
Әсемдіктің әлемі
Саған қарап елтіп тұр.
Күн де сені өпкендей,
Сарыарқаның сары гүлі.
Сенен тарап кеткендей
Сұлулықтың барлығы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері