Тауда
Бұл бетте «Тауда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Кеше мен тауға шықтым,
жұпарын жұттым қанбай.
Шыңдарға жармасып Күн,
биікті ұқтырғандай.
Мұңды едім, күлкі, бақыт
ұмытқан көптен мені.
Жаныма нұр кұлатып
келгендей көктем кері.
Күй кештім дәл осындай,
жанымды жанап ақ күн.
Мен сонда дара шыңдай
биіктеп бара жаттым.
Көмілдім асқар сынды
нұрына шуақ таңның.
Баяғы жас қалпымды
кешкендей қуаттандым.
МАЙРАМХАН АБЫЛҚАСЫМОВА
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі