Бұл бетте «Хат» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыздар, сұлу болмасаң,
Қарамас та едiм мен.
Сендер бiр хат жолдасаң,
Жазбайсыңдар тегіннен.
Конвертке көз тоярдай,
Кеудеме де басамын.
Бiреу көрiп қоярдай
Өз-өзiмнен сасамын.
Салмақты бір пiшiнде
Ашам десем де ұрланбай,
Осы хаттың iшiнде
Бiреу сөйлеп тұрғандай.
Үмiт оты жанады,
Жүрек алып ұшады.
Ынтықтырып барады
Бiр сұлудың құшағы.
Құшақ жайса қыз күлiп,
Ентiгiмдi баса алмай,
Хат сыртынан үздiгiп,
Әлi тұрмын аша алмай.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі