Сіздің ауыл аспанында – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Сіздің ауыл аспанында» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1262
Сіздің ауыл аспанында
Әлде жаңбыр, әлде қар.
Қалың тұман қас-қағымда
Түсті ме екен жолды орар?..
Сіздің ауыл ат байлай ма
Белдеуіне боз үйдің?..
Бойжеткендер қатты ойнай ма
Қылын бұрап сезімнің?..
Ауылыңды сұрай-сұрай,
Елден естіп тапқасын,
Білдіріп кеп ұяң шырай,
Байла, қалқам, ат басын.
Сәті түсіп жол болмаса –
Ата-енеңнен именіп,
Жұрттан бұрын, ең болмаса,
Көрпеше сал үйге еніп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері