Соңғы салқындар созылып тұрып сіңірдей – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Соңғы салқындар созылып тұрып сіңірдей» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 1
  • 1621
Соңғы салқындар созылып тұрып сіңірдей,
Шарт сынды бұтақ шағырмақтарға ілінбей.
Жаз келді, міне, жапыр
ағын жайқап сол терек,
Желкілдейді енді өткен-кеткені білінбей.
Аяз да өтті, сәуле де жетті алаулап,
Айығып кетті нала мен наздан анау бақ.
...Көрші бұтақтың омырылып түскен орнынан
Қып-қызыл кеште қызыл нұр тұрды талаурап.


Пікірлер (1)

Абай Құнанбаев

Аспан

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері