Өкпелемен – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Өкпелемен» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1114
Арманымды күні-түн,
Көз алдымнан көлбетем.
Қиялдаған жігітің,
Басқа ма екен, мен бе екен.
Түсіме күнде енгенің,
Бір өзіңде сән – көрік.
Жүрегімде сен менің,
Жатталғансың ән болып.
Өкпелемен мен саған,
Сүймесең де, сүйсең де.
Албырт жаным аңсаған,
Небір әсем күй сенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері