Ұрыспа, маған – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ұрыспа, маған» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1439
Жастық деген:
Ай мұңдасы әм сырласы екен ғой,
Той жиынның ән-жыр басы екен ғой.
Иран бақтың бұлбұл сазы екен ғой,
Пәк көңілдің әзіл-назы екен ғой.
Байқамаса күйдіретін өрт екен,
Қол алысқан секемі жоқ серт екен.
Сондықтан да тұрамын да ертемен,
Нұр өмірді әрлеу үшін тер төгем.
Кей кездерде қарсы ұмтылсам қылышқа,
Қосағасы,
«Албыртсың»– деп ұрыспа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері