Қаршыға – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қаршыға» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2528
(Әлжаппар Әбішевтің аузынан)
1
Қаршыға ұқсап көктің нүктесіне
Қалықтап тұрды алмай түкті есіне.
Бір мерген көре салып нысанаға ап,
Жабысты мылтығының шүріппесіне.
Бұрқ етті қою түтін шудаланып,
Қадалды атылған оқ тура барып.
Бір аунап түсті де құс құлдилады,
Лақтырған тастай жерге зырлап ағып.
2
Жатты ол көкке қарап көл шетінде,
Ұшардай қанат шіркін көнсе еркіне.
Кек оты жанарында жалындады,
Көз жасын намыстанып көрсетуге.
Қөңілін жапты қайғы — қара тұман,
Сорғалап ақты қаны қанатынан.
Мергенге қараған жоқ. Көзін салды
Көгіне ұшу үшін жаратылған.
Шайқады дауыл тұрып тыныш күнді,
Жатты ол шығармастан дыбыс үнді.
Тек қана аспаннан көз айырмады,
Тағы да аңсағандай бір ұшуды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаршыға өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қаршыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаршыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаршыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері