Салқындық күзден қапты жас қанымда – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Салқындық күзден қапты жас қанымда» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 988
Салқындық күзден қапты жас қанымда
сыр да жоқ, сиқыр да жоқ басқа мұнда.
Өсіппін бір бұрышта қоңырайып,
қоңыр боп алғаш көрген аспаным да.
Бір тағдыр мені өсірген қытып, тартып,
несібесін шыдаммен ұтыпты әр күн.
Артық бітіп өлкеге бір түп бидай,
домбыраға бір перне бітіпті артық.
Тағдырына жас өмір қас қағыпты,
қас қағысар табылмай басқа мықты.
Жаңадан көрініпті бір жетістік,
бір қателік жаңадан басталыпты.
Бір мінім бір мінімді дайындасып,
бар мен жоқтың арасын айырды ашып.
...Айтылып бітіп әке деген бір ән,
басталыпты бала деген қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері