Жібек – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жібек» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2354
Ленинабад жібегін
Жапырлап жатыр жұрт көріп.
Толқиды таңдай реңі
Күрең гүл қызыл бұлт болып.
Жарайды ол нендей жолыңа
Ұялтпас сені не керек.
Уыстап алып қолыңа
Ұшырсаң ол бір көбелек.
Шебер қыз күліп тұр өзі,
Қызарып көздер отынан.
Биязы екен мінезі
Жібектей өзі тоқыған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері