Менің әнім – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Менің әнім» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2070
(Бақытқа)

Салшы, Бақыт, сал әніңе,
Салшы, балам, шырқатшы.
Тәтті саз бар өлеңінде,
Болмаса да ұйқасы.
Шығар менің мерейімнен,
Тыңдайыншы бір қанбай.
Сенің бала көмейіңнен
Бал құйылып тұрғандай.
Көп қой бұлбұл жер бетінде,
Өнер сыйын мол алған.
Менің жаным тербетуге
Сен шеберсің солардан.
Кешір, сәби, түсінерсің,
Әдейі ерте мақтадым.
Жаса, жаса, кісі бол сен,
Сүйікті ұлым — жақсы әнім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері