Өмір – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өмір» атты Темірхан Медетбек жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 907
Сен, өмiр,
Қаталсың, қаттысың.
Ащысың!
Сонда да тәттiсiң.
Бiрде жазамсың.
Бiрде қазамсың.
Сонда да базарсың.
Мен сенен –
Қаншама рет! –
Опық жедiм.
Қырқылып қарайдым.
Сонда да мен саған –
Түрменiң тесiгiнен! –
Сығалап қараған жандай
Ынтығып қараймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері