Менің хатым – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Менің хатым» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6735
Ағам менің жырақта —
Астанада тұрағы.
Жазған хаты бірақта
Бес күнде кеп тұрады.
Менің жазған хаттарым
Көп жүреді тегінде.
Менің жазған хаттарым
Жетеді оған он күнде.
Өйткені олар жазған соң,
Бес күн үйде қонады.
Ал сонан соң, сонан соң
Бес күн жолда болады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері