Бұл бетте «Талап» атты Хан Әзілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Махаббат жыры, таусылмайды ешқашанда Не жетсін күнде былай сырласқанға. Өмірдегі бақытпенен нұрға толы Сені көрем, шуақ шашқан арай таңда.
Санаулы күндер өтпесін бекер Өзіңді күнде құр алдай. Талаптан, оқы, білім ал іскер Еңбектен, жатпа жүр талмай.
Ақыл керек тұр жатпа оқы ізден Білім қу білімдіден озам десең. Мына өмір ағымы таусылмайды Қаласын надан болып соған ерсен.
Сындар көп тиер соққы сағанда дөп Соққы алған жағдайда шыда сен күт Уақыты келген кезде сен ұрарсын Қорған достым еш сынба қолыңды бүк.
Жеңген сәтте сабыр ет Жеңілмеуім мақсат деп. Талаптан бала жалықпа Еңбекке әркез түр білек.
Күнім осы ақ парақпен басталат Ою өрнек әріптермен толтырат. Бірақ арты кей кездері шала шығып, Ақындардың жүректерін ауыртат.
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі