Уәж – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Уәж» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2022
  • 0
  • 0
  • 738
«Бас жарылса – бөрiк iшiнде,
Қол сынса – жең iшiнде».
Осылай жұбатасың.
Жұбатамын деп
Жылатасың.
Осы сөзiңнен шошынам.
Бөрiгiм мен тонымды
Қорқаулар алып кетсе –
Жарылған басым мен
Сынған қолымды
Немен жасырам?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері