Ұсақ адам – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ұсақ адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1165
Сен
Ұсақсың, майдасың, күйкiсiң.
Әлдекiмдердiң –
Балағында жүрген! –
Битiсiң.
Жүн-жұрқа мен
Қоқыстың iшiнде
Қыбырлап жатқан
Құртсың.
Қыртсың!
Жоқ нәрсенi терiп
Байбаламға саласың.
Айтпады деме –
Түбiнде! –
Айдалада қаласың.
Қоймайсың!
Өсек-жалаға тоймайсың.
Мен сенi
Биттей сығып тастар ем –
Асыл тырнағым! –
Қан болады ғой.
Құрттай мыжып тастар ем –
Асыл аяғым! –
Былғанады ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері