Шошыма, ойым, шошыма – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Шошыма, ойым, шошыма» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 2
  • 15072
Шошыма, ойым, шошыма,
Келмейдi жындар қосыма.
Таhараты жоқ сайтан
Жоламас менiң қасыма.

Қажыма, ойым‚ қажыма,
Қарама тозған жасыма.
Адаспасаң ақ жолдан,
Қонады бақыт басыңа.

Билет бәрiн сабырға,
Кiрме ажалсыз қабірге
Сырласатын күн туар
Жан қияр жақын тамырға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Алмас

Әдемі өлең!

Осы автордың басқа өлеңдері