Беріктік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Беріктік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 675
Жұмағали Әбуұлына

Менi, қазақты, –
Жан-жағымнан анталап! –
Құртқысы келдi.
Дүкендегi матадай –
Дар еткiзiп! –
Жыртқысы келдi.
Су шүберектей
Сығып тастағысы келдi.
Шөлдегi құмдай
Үгiп тастағысы келдi.
Бiлемiн:
Жұғымым аз,
Жатқа мұздаймын.
Бiрақ мұз емеспiн!
Жел үңгiп,
Күн кемiрiп,
Жаңбырлар тамшыларымен
Мүжiп жатса да
Құламайтын құздаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері