Орыс әні – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Орыс әні» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1026
1
Жапалақ-жапалақ қар жауды,
Келіншек қалайша дағдарды
селт етпеді
су төкпеді.
Попқа ұқсап шығарған жаназа
Сарнайды ақ боран... жел аза
Тұтады.
Маң төбет ұлиды қақпада
Қажалап шынжырын қап-қара.
Жұлқады.

2
Қайтсін ол төбеттің қыңсылын,
Қайтсін ол боранның сыңсуын:
Үрейді алған,
Дүние жалған.
Таяуда көз жұмған қосағы
Алдынан елестей тосады:
Тіл қатып,
Дер: "Менің шөп салдың көзіме",
Көрсетер жүзігін өзіне,
Ұялтып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері