Асмодейдің тойы
(Сатира)
Шайтан тойы. Топырлап келе жатты
Түрлі ұсақ жын, аруақтар бәрі мұнда,
Қопарып кухмейстрлер бар тамақты
Қалтыраған күзетші тұрды ауызда.
Шенмен міне столға жұрт жайғасып,
Зыр жүгірген жалшы жүр картоп тасып.
Әйгілі Мефистофель отыр патша,
Ұлты неміс, картопқа құмар сонша.
Оң жағында отырды келген "Павел"
Сол жақта дәрігерлердің началнигі,
Ұлы Фауст, ең әдепті адам еді бұл,
(Дәлдірлердің сұмойын таратуға
Сол кісі бізге жәрдем беріп еді).
Жұрт тыныш, кенет есік ашылды да,
Ұсынып сый-сыйпатын тәж алдында
Иілген бір үш демон кіріп келді.
Бірінші демон
(сөйлейді)
Мынау әйел жүрегі, көк аспаннан
Өз сырын жасыруды ойлаған көп.
Үмітті болса-дағы талай жаннан
Ешкімге берілмейді осы жүрек.
Тек қана қаламады бұл қайғыны,
Өлгенше қамқоры боп кекті ызаның.
Өзінше болмаса да аты әйгілі,
Шынайы сыйлығымды қабыл алғын:
"!" — деп лепірді сонда бас жын
Өзінің мысқылымен жексұрындық, —
Сыйлығың сенің қымбат болар ед шын.
Патшасы өзге бірақ та осы күннің.
Жақында аз болды ма мұндай сұмдық,
Хабарлар мен сүйетін болса да мың:
Бітпейтін бұл іс жайлы осы маңда,
Естіген шығар деймін қабырға да.
Екінші демон
Әкелдім столыңа міне бүгін
Шарабын еркіндіктің шөл баспаған,
Жер халқы мас боп ішіп бәрі мұны,
Қалмады үсте сауыт сындырмаған.
Шараң қайсы кім сөгер бұл қылықты
Сіз бе әлде бүлінгенді жөнге салған,
Әмірші, жер қожасы, жалғыз патшам,
Ал мына ішімдікті саған тартқан.
Патшалар кенет сол кез құп-қу болып
Тұрды ұшып, тарелкасы қолдарында.
Қорықты өңкей жындар ішіп қойып,
Өздерін қуады деп олар мұнда
Мұндайда қозғалмауды жөн іс көріп,
Жалшылар көзін сүзді, еш үн қатпай,
Бірақ бас жын ерлікпен тік көтеріп
Шарапты төге салды дәмін татпай.
Үшінші демон
Әкеліп оба ауруын Москваға
Дәрігерлер сол сағатта-ақ тұра ұмтылды.
Өздері қинап, әрі іздеп дауа,
Жүздеген адамдардың өңі сынды.
Біз қызмет еткен бір кез жанның бірі
Дер кезінде есіне алды бізді,
Ішкізіп сол обаны бір адамға,
Жөнелтті о дүниеге сау қалпында.
Осыны айтып қолымен дірілдеген
Ұсынды стақанды әміршіге
"Дәрігерлік ғылым қымбат мұныменен,
Шерлі, әрі сүйкімді сауыт осы".
Алғыс айтты. Келсең де күн-түн қатып.
Бәрінен сенің сыйың болды артық".
Деп күбірлеп Асмодей күліп тұрды,
Кешкі той тарқағанша, тарап жұрты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі