Рембрандт картинасына – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Рембрандт картинасына» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 661
Түсіндің сен,
О жабырқау данышпан,
Ұйқылы-ояу сол бір өмір зар-мұңын,
Іңкәрлікті
Тағат күшін тауысқан,
Байрон айтқан ақиқаттың барлығын.
Көз алдымда - жұмбақтау бір жүз-әлпет
Адастырған айтар ойдың түйінін.
Атышулы қашқын ба екен бұл әлде
Киіп алған әулиенің киімін.
Бәлкім оның құпия бір қылмысы
Ақыл-ойын жаншыды ма қамауға ап.
Тас түнекте зарығумен тұр мүсін
Жанарыңда паңдық оты алаулап.
Бәлкім бұның -
табиғаттан сезгенің
Бұл емес-ті мұрат тұтып шығар шың!
Әлде бәлкім
Азап шеккен кездегі
Өзіңді сен бейнелеген шығарсың.
Бұл құпия жұмбақ болып талайға,
Ойсыз көздер өте берер түсінбей.
Осынау бір тылсым еңбек қалайда
Қатыгезге қатал жаза, үкімдей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері