Жолым болып – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жолым болып» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1510
Қыздар, қыздар,
Тағатымды ұрлаған,
Қара көзің таусылмайтын жыр маған,
Қара көзің сыр ұқтырмай тұрмаған.
Қайсың асқан сұлусыңдар, айтсаңшы,
Әлі еш қыз ұнамай-ақ жүр маған.
Әлі еш қыз от тастаған жоқ маған,
Айтыңдаршы,
Ару қыздар, ақ марал.
Құшағыма кім енеді айым боп.
Жолым болып қайсыңыздан бақ табам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері