Жыр оқысам – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жыр оқысам» атты Фариза Оңғарсынова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2010
Жыр оқысам жадырайды қабағым,
жыр оқысам нұрланадьі жанарым.
Мен өмірдің ләззатын, қызығын
жақсы жырдың жолдарынан табамын.
Әрбір күннің кайталанбас жыры бар,
әр жүректің айта алмайтын сыры бар.
Білетіндер тіршіліктің қадірін
жақсы жырдың жолдарынан ұғынар.
Жыр оқысам, жаңа ашылған гүлдеймін,
көктемдегі сәулесі мол күндеймін.
Жыр оқысам, ынтығамын өмірге,
қайғыруды, жабығуды білмеймін.

ГҮЛСАЙРА МОМУНОВА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері