Атылыпсың оқ болып

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1109
(аударма)

О, бауырым! Жүрегіңде шоқ сеніп,
кеттің жарық дүниеден жоқ болып.
Бірақ сенің атың қалды еліңде,
сенің даңқың өшпек емес емірде,
сен жауыңа атылыпсың оқ болып.
Сені еске алсам қиналамын мен бүгін,
бірақ қайта жұбатады ерлігің.
Сен атаның орындапсың арманын,
туған жерде ескерткіш боп қалғаның,
бізге мақтан сенін, өлмес ерлігің.
Ерте өтсең де жүрегіңде шоқ сөніп,
сен мәңгіге кете алмайсың жоқ болып.
Жыры болып қалдың бүгін ақынның,
серті болып қалдың туар батырдың,
қас жауыңа атылдың да оқ болып.
***
Ұлым менің,
ұзақ өмір сүруің керек сенің,
(мен оныңа тілекші емес пе едім?)
Күндер қанша алдыңда,
жолдар қанша
кешкізетін тірліктің белестерін.
Дүниеге қуана күліп келіп
Кір шалмаған ақ жейде киер едің,
Одан кейін
әрнеден күдіктеніп,
тағдырыңа басыңды иер едің.
Жер жетеді,
шынында үй жетеді
(қу тіршілік не деген бейнет еді) .
Қару беріп қолыңа біреу сені
көздеп көр деп,
атуға үйретеді.
Сапқа тұру
әкелмейді, әрине, саған бақыт,
мал соярсың
қында жатқан қылышты жалаңдатып,
ауыр азап, өмірде ең қауіпті іс
қару ұстау, үйрену адамды атып.

ГҮЛСАЙРА МОМУНОВА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атылыпсың оқ болып өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Атылыпсың оқ болып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Атылыпсың оқ болып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атылыпсың оқ болып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері