Он сегіздің от демі – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Он сегіздің от демі» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1328
Он сегіз мезгіл екен,
Арнадан тасып, толар.
Он сегіз мезгіл екен,
Өртене ғашық болар.
Он сегіз мезгіл екен,
Жалп етіп сөнбейтұғын.
Он сегіз мезгіл екен,
Өзгеге көнбейтұғын.
Он сегіз мезгіл екен,
Дастан-жыр тыңдап бағар.
Он сегіз мезгіл екен,
Досты да мыңдап табар.
Жаратпас дамылды аса,
Жарысса жүлде алады.
«Дауасы» табылмаса,
Он сегіз «жынданады».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері