Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 694
Әне бір жан
Қапаға батып,
Биік құздың
Басына шығып
Ұзақ отырды.
Бірде күйінді,
Бірде опынды.
Ұзақ отырды.
Қалың бір ойлар
Бойын жүдетіп,
Жанын жұтатты...
... Қараңғы көктен
Қып-қызыл шоқтай
Ағып түскен жұлдызды
Қағып ап
Шылымын тұтатты...
Көңілі қабаржып
Шылымын
Құныға сорады...
Ұзақ сонар
Мына тірліктің
Көрінбей сорабы
Жанары
Жасқа толады...
Бір кезде көзі
Өзі отырған
Құз шетіндегі
Үрейлі құрдым
Тереңге түсті...
Сонан соң асығыс
Шылымның тұқылын —
Деді ме
Күлсалғыш?! __
Айдың бетіне
Баса салды да,
Төменге түсті...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері