Айна – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айна» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2136
Ойыншық ат үшін
Қызарып құлағым,
Ініммен шатысып,
Жата қап жыладым.
Сол кезде аға кеп,
Қойды да жай ғана:
– Бұл қандай бала? – деп,
Қаратты айнаға.
Ұсқынсыз өзімді
Көрдім де айнада.
Уқалап көзімді,
Дей бердім:
– Қай бала?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері