Бұл бетте «Боранда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кетерде апам қалаға:
– Шықпа, – деді, – далаға.
Қар жауып тұр борасын,
Бұл бетіңмен тоңасың.
Күте тұрсаң шыдап шын,
Әкеп берем құлақшын.
Шыдам жетпей еріксіз,
Шықтым сыртқа бөріксіз.
Балалармен шаттана,
Соқтық талай аққала.
Бірақ, түнде жыладым –
Үсіп қапты құлағым.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі